Әйелдер арасындағы волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңілді

Әйелдер арасындағы волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңілді

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дебюттік кездесуде қазақстандық қыздар үш партияда АҚШ құрамасынан жеңіліп қалды – 0:3 (16:25, 13:25, 22:25).

Қазақстан құрамасы сапында ең көп ұпайды Татьяна Никитина (10) мен Кристина Белова (9) алды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы келесі ойынын 26 қыркүйек күні Германия құрамасымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или