Беларусь құрамасының бірнеше ойыншысы Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайды

Беларусь құрамасының бірнеше ойыншысы Қазақстанға қарсы матчқа қатыспайды

Беларусь футбол федерациясының баспасөз қызметі УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Словакияға қарсы матч алдында бірнеше ойыншы жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы Александр Селява жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыспайды. Оның орнына БАТЭ жартылай қорғаушысы Дмитрий Бессмертный шақырылды.

Қорғаушылар Сергей Политевич («Шахтер», Салигорск) пен Захар Волков («Химки», Ресей) та жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Олардың орнына Руслан Хадаркевич («Шахтер», Салихорск) пен Илья Лукашевич («РКОР БГУ, Минск») шақырту алды.

Қазақстан – Беларусь матчы 22 қыркүйекте Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или