Иван Полошков «Алматы» ХК қақпашылар бапкері болып тағайындалды

Шайба.kz сайтына белгілі болғандай, Иван Полошков карьерасын «Алматы» клубында қақпашылар бапкері ретінде жалғастырады, деп хабарлайды Рrosports.kz.
Кейінгі маусымда 36 жастағы қақпашы өскемендік клубтарда өнер көрсеткен. «Алтай-Торпедо» сапында Полошков тұрақты маусымда 21 матчқа қатысқан.
Иван Полошков Өскеменде жалпы сегіз маусым өткізген. Сондай-ақ Қазақстанда ол «Арлан» және «Ертіс» командаларында ойнаған. Сонымен қатар, қақпашы «Югра», «Ермак», «Спутник», «Южный Урал» және «Донбасс» командаларында ойнап, Украина чемпионы атанған.
Еске салайық, Иван Полошков Қазақстан құрамасы сапында 2009 жылы Ослода өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде және сол жылы Вильнюстегі бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында, сондай-ақ 2011 жылы Астанада өткен Азия ойындарында өнер көрсеткен.