Қазақстандық маман Конференция лигасының матчына қызмет көрсетеді

Қазақстандық маман Конференция лигасының матчына қызмет көрсетеді

Қазақстандық маман Павел Салий УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңі аясында өтетін «Башакшехир» (Түркия) - «Фиорентина» (Италия) матчына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 қыркүйекте өтетін «Башакшехир» мен «Фиорентина» арасындағы ойынның инспекторы болып ұлттық техникалық нұсқаушы, Премьер-Лига мен УЕФА инспекторы Павел Салий тағайындалды.

Айта кетейік, матч «Фатих Терим Башакшехир» (Стамбул, Түркия) стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или