Хамитов Mergen Fighting Championship 3 турнирінде ресейлік спортшыны жеңді

Хамитов Mergen Fighting Championship 3 турнирінде ресейлік спортшыны жеңді

Атырауда өтіп жатқан Mergen Fighting Championship 3 (MFC3) турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-7-2) ресейлік Василий Бабинцевті (6-6) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, бірінші раундта Хамитов қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша Қуат Хамитов кәсіпқой мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізсе, Василий Бабинцев жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или