Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық матч өткізеді
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлайды, деп жазады Prosports.kz.

Ойын 19 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді. Нақты уақыты мен стадионын кейінірек хабарлаймыз.

Біріккен Араб Әмірліктері ФИФА рейтингінде 69-орында орналасқан. Бұл команданың Қатарда өтетін Әлем чемпионатына шығуына мүмкіндік болған еді – соңғы шешуші ойынында Аустралияға 1:2 есебімен жол берді.

Команданың ең жоғары жетістігі – 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны және 1997 жылы Азия кубогының күміс жүлдесі.

Бұған дейін Қазақстан және БАӘ өзара үш рет кездескен.

19.09.1997. ӘЧ-98 іріктеу кезеңі. Абу-Даби

БАӘ – Қазақстан – 4:0

 

18.10.1997. ӘЧ-98 іріктеу кезеңі. Алматы

Қазақстан – БАӘ – 3:0

 

10.12.2000. Жолдастық матч. Абу-Даби

БАӘ – Қазақстан – 5:2

БӨЛІСУ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0