Баскетболдан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бахрейнді жеңді

Баскетболдан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бахрейнді жеңді

Венгрияда өтіп жатқан көше баскетболынан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бахрейнді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын Әнуар Арғынбаев, Тимур Батырқұл, Радислав Родионов және Степан Якубович төрттігі қорғауда. Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күні Бахрейн жігіттерімен жолығып, 19:14 есебімен басым түсті. Артынша дәл осы жігіттер Бразилия командасына есе жіберді. Қорытынды есеп: 19:22.

Айта кетейік. Бұған дейін ұлттық құрама «Д» тобындағы Литва және Украина командаларынан да ұтылған болатын. Нәтижесінде, 5 команда арасында 4-орынға ғана тұрақтады. Плей-оффқа осы топтан жоғарыда айтқан Литва мен Украина өтті. 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты 29 тамызға дейін жалғасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или