«Кімді жеңгенін өзі білмейді». Исмаұлов Махачевтің титулдық жекпе-жегі туралы
Қазақ файтері Дамир Исмағұлов ресейлік Ислам Махачевтің америкалық Чарльз Оливейраға қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
– Бәрі жағдайға байланысты. Бір не екі танымал спортшыны жеңіп, белбеу үшін жұдырықтасуың мүмкін. Қазір Махачев секілді.
Шындығына келсек, ол тіпті кімді жеңгенін өзі білмейді. Грин жеңілістен көз ашпай келеді. Дегенмен бұл жерде Махачевтің кінәсі жоқ. Рейтингтегі спортшылар оған қарсы шыққысы келмеді, сондықтан ол қарсылас таңдамады, – дейді Исмағұлов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или