Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қытайдан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қытайдан жеңіліп қалды

Бүгін баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қытай құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық баскетболшылар 56:68 есебімен жеңіліп қалды. 14 ұпай жинаған Рустам Мурзағалиев қазақстандықтар арасында кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы F тобында өнер көрсетеді, мұнда Австралия, Иран, Жапония және Бахрейн командалары ойнайды. Қазір уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен үшінші орында келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или