Әліби Ыдырыс: Өзіме тиесілі белбеуді қорғаймын
Аса жеңіл салмақта Naiza лигасының чемпионы Әліби Ыдырыс «өзіне тиесілі белбеуді» қорғайтынын мәлімдеді.
«Ертең өзіме тиесілі белбеуді қорғаймын. Қарсыласыма келер болсам, Қазақстанда мықты бапкерлердің қол астында дайындалып жатыр. Өте тәжірибелі спортшы. Dar Team-ның жігіттерімен дайындалып жатыр екен. Олар да осал емес. Дегенмен біз де кітапханада отырған жоқпыз. Дайындығымыз жақсы. Шешенстанда оқу-жаттығу жиынын өткіздім. Командаммен түгелдей Грозныйда болдық. Жалпы, ойымдағыдай болды дей алмаймын. Өйткені елімізде де лагерьлер мықты дамып келеді. Бір жетіден кейін елге қайтқым келді.
Naiza тарихындағы үш белбеуді алған спортшы болғым келеді. Ертеңгі кеште осы мақсатты орындау үшін барымды саламын. Мақсат – жеңу», – деді Әліби Ыдырыс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или