Морозовтың UFC-дегі бесінші қарсыласы анықталды

Морозовтың UFC-дегі бесінші қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Сергей Морозовтың (18-5 MMA, 2-2 UFC) UFC-дегі бесінші қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz<span> сайты</span><span> </span>MMA Junkie-ге сілтеме жасап.

17 желтоқсанда өтетін UFC Fight Night турнирі аясында 32 жастағы ақтөбелік спортшы америкалық Джорни Ньюсонмен (10-3 ММА, 1-2 UFC) кездеседі. Кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

MMA Junkie жекпе-жек туралы хабары бар екі адамнан ақпарат алған, олар аты-жөнін атамауды сұрайды, өйткені UFC әлі ресми мәлімет берген жоқ.

Айта кетейік, маусым айында Морозов Раулиан Пайвуны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Ал Ньюсон мамырда Ферни Гарсияны жеңді. Бұл оның UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или