Алидодов пен Ақылбекулу Алматыда өтетін OCTAGON Гран-приі аясында жекпе-жек өткізеді

Алидодов пен Ақылбекулу Алматыда өтетін OCTAGON Гран-приі аясында жекпе-жек өткізеді

Еуразиялық ММА промоутерлік лигасы OCTAGON жеңіл салмақтағы Гран-приге қатысушылардың жұптарында өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

27 тамызда Алматыда өтетін OCTAGON 34 турниріне дайындық кезінде алған жарақатына байланысты қазақстандық Утукжан Союзов (5-4) мен Өзбекстаннан келген Хикматилло Абдуллаев (9-1-2) ¼ финалға қатыса алмайды.

Олардың қарсыластары Нодир Алидодов (4-3) пен Илимбек Ақылбек ұлы (5-1) көз арбасып, чемпиондық белбеуде тұрған шағын турнирдің жартылай финалистін анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или