OCTAGON 34: Қазақстандық файтер өзбекстандық спортшымен кездеседі

OCTAGON 34: Қазақстандық файтер өзбекстандық спортшымен кездеседі

OCTAGON лигасы 27 тамызда Алматыда өтетін кеш аясындағы тағы бір жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Әлішер Ғазиз (1-0) Өзбекстан өкілі Асилбек Инамовпен (1-0) кездеседі.

Екі спортшы да кәсіпқой спортта бір жекпе-жек өткізген. Ғазиз Шарифзон биыл наурызда өткен OCTAGON Selection 14 турнирінде Шарифзон Ахмедовты мерзімінен бұрын жеңді. Ал Инамов 2018 жылы кәсіпқой дебютінде қырғызстандық Эламан Дадоновты (10-6-2) ұтқан.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Дамир Төленов (7-0) Дархан Сқақовпен (7-4) кездеседі.

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерская компания

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или