Дияр Нұрғожай Eagle FC чемпионы атанды

Дияр Нұрғожай Eagle FC чемпионы атанды

Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle FC 50 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (17-14) кездесті.

Нұрғожай мен Андрейцев жартылай ауыр салмақтағы EFC титулын сарапқа салды.

Жекпе-жек жоспарланған бес раундқа созылып, төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер жеңіске жетті.

Осылайша, Дияр Нұрғожай спорттық мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді және Eagle FC чемпиондық белбеуіне ие болды.  Константин Андрейцев он бесінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтің промоушеніндегі төртінші жекпе-жегін өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или