Камару Усман мен Леон Эдвардс UFC 278 негізгі жекпе-жегінің алдында бірдей салмақ көрсетті

Камару Усман мен Леон Эдвардс UFC 278 негізгі жекпе-жегінің алдында бірдей салмақ көрсетті

Нигериялық файтер Камару Усман мен британдық Леон Эдвардс UFC 278 турниріндегі негізгі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі спортшы да таразыда 170 фунт (77,11 келі) көрсетті.

Ертең, 20 тамызда Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық жекпе-жегі өтеді.

UFC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Камару Усман аралас жекпе-жектен 21 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жеткен.

Леон Эдвардс ММА-дағы 22 жекпе-жегінде 19 жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или