«Горняк» екі хоккейшімен келісімшартқа отырды
Командаға шабуылшы Александр Абрамов пен қорғаушы Даниил Солтан қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Александр Абрамов Челябинск «Тракторының» түлегі. Өткен маусымда 22 жастағы шабуылшы ВХЛ В-да ойнап,«Красноярск Рысының» намысын қорғады. 42 ойында Абрамов 9 (4+5) ұпай жинады.
Даниил Солтан – уфалық «Салават Юлаевтың» түлегі. Өткен маусымда ол «Полёт» командасында өнер көрсетті. Рыбинск клубы үшін шабуылшы 52 матч өткізіп, гол+пас жүйесінде 23 (11+12) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или