«Астана» америкалық қорғаушымен келісімшарт жасасқанын хабарлады
«Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушы Деондре Паркспен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншы 1992 жылы 30 қазанда, Флинтте (Мичиган, АҚШ) дүниеге келген.
Ол «Ньюкасл Иглз» клубымен кәсіби келісімшартқа отырғанға дейін, Айова және Оңтүстік Дакота колледждерінің командаларында өнер көрсекен. Деондре Англияда 2016/17 маусымында ойнап, өз командасымен Британ баскетбол лигасының кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ чемпионатта плей-офф финалына дейін жеткен.
Содан кейін ол Грузияға аттанып, Тбилисидің «Кактус» командасында өнер көрсетіп, Суперлигада ұпай еншілеу көрсеткіші бойынша көшбасшы атанған (20.8).
Паркс бұл жетістігін Кипр чемпионатында АЕЛ (Лимасол) командасының сапында қайталады – әр матчқа 18,8 ұпай.

Сонымен қатар ойыншы Тунисте («ЕС Радес», тұрақты чемпионатта топ жарып, плей-оффта финалға шыққан, 2019 жыл), Канадада («Эдмонтон Стингерс»), Израилде («Хапоэль Хевел Модиин») және Финляндияда («Вилпас Викингс» құрамында лига чемпионы атанған, 2021 жыл) өнер көрсеткен.
Оның кейінгі клубы – венгриялық ЗТЕ болды.