Қазақстан баскетболшылары Азия кубогында Ираннан ірі есеппен жеңілді
Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан 2022 жылғы Азия кубогының топтық кезеңінде екінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олег Киселевтің шәкірттері ирандық командадан 60:96 есебімен жеңіліп қалды. Ирандықтар бірден басымдықты қолына алып, бірінші кезеңде 11 ұпай айырмашылығымен алға шықты. Қазақстандық баскетболшылар бірінші қысқа үзіліске дейін есеп айырмасын 3 ұпайға дейін қысқарта алды, бірақ екінші және үшінші кезеңде олар небәрі 9 ұпай жинап, Иран құрамасы төртінші кезеңде 28 ұпай айырмашылығымен басымдығын арттырды. Қорынтынды кезеңде ойын тартысты өткенімен, соңында қарай ирандықтар ұпай айырмашылығын +36-ға дейін жеткізді.
Қазақстан құрамасы сапында Шаим Куанов пен Максим Марчук 11 ұпайдан жинады.
Енді 1/8 финалға шығу үшін Қазақстан құрамасы 17 шілдеде Сирия құрамасын жеңуі керек.
Қазақстан – Иран 60:96 (24:27, 9:15, 9:28, 18:26)
Қазақстан: Куанов (11), М. Марчук (11), Балашов (8), Р. Марчук (8), Мурзагалиев (6), Щербак (4), Айтқали (3), Гаврилов (3), Иванов (2), Быков (2), Пан (2)
Фото nbf.kz