Ресейлік шабуылшы «Арланға» оралды

Ресейлік шабуылшы «Арланға» оралды

«Арлан» ХК ресейлік шабуылшы Даниил Жарков клубқа оралғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейінгі маусымда шабуылшы көкшетаулық клубқа плей-офф кезеңі басталмай тұрып қосылды және тұрақты маусымда екі, плей-оффта бір матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Жастық шағында Даниил Ресей құрамасында бірнеше ойынға қатысып, 2008-2009 маусымында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Шабуылшы Солтүстік Америкада үш маусым өткізді, онда ол OHL лигасының (Канада) «Belleville Bulls» командасында ойнап, 109 матчта 79 (48+31) ұпай жинаған.

Жастар хоккей лигасының чемпионы (2014-2015 маусымы), санкт-петербургтік «Динамо» сапында Братина кубогының иегері (2017-2018 маусымы) атанған. Форвар ЖХЛ-да 8 маусым өткізіп, 256 матчқа қатысып, 77 (39+38) ұпай жинаған. Нижегородтік «Торпедо» құрамында ҚХЛ-да өнер көрсету тәжірибесі бар», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или