Даррен Диц ЦСКА-мен үш жылға келісімшарт жасасты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц мәскеулік ЦСКА-мен келісімшарт жасасты, келісім үш жылға жасалды.
ЦСКА сапында хоккейші өткен маусымда тұрақты чемпионаттың 8 матчын, плей-оффтың 20 матчын өткізіп, барлығы 6 (2+4) балл жинады. Өзі мүшелік ететін жаңа клубпен бірге Гагарин кубогінің иегері атанды. Диц үшін алдағы маусым ҚХЛ-дағы алтыншы маусымы болмақ.
Әлем чемпионаттарында ойыншы Қазақстан құрамасы үшін 15 матч ойнап, 9 (1+8) нәтижелі балл жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или