Президент кубогы: «Барыс» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Президент кубогы: «Барыс» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы аясындағы екінші ойында «Барыс» Нижнекамскінің «Нефтехимикімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші кезең голсыз аяқталды, екіншісінде Михаил Рахманов есеп ашса, үшінші кезеңде Линден Вей мен Дінмұхамед Қайыржанның соққыларының арқасында алаң иелеріне есеп айырмасын ұлғайтуға мүмкіндік берді — 3:0.

19 тамыз күні сағат 19:30-да «Барыс» пен Магнитогорскінің «Металлург» командалары арасында турнирде бірінші орын үшін кездесу өтеді.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

Шайбы соққандар:

1:0 - 26:28 Рахманов (Мұратов)

2:0 - 49:20 Вэй

3:0 - 51:57 Қайыржан (Вей, Бракко).

Қақпашылар: Шутов - Судницин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или