«Барыс» Президент кубогындағы кездесуде рекорд орнатты
Нұр-Сұлтандық «Барыс», дәлірек айтсақ, оның жанкүйерлері Құрлықтық хоккей лигасының маусымаралық рекордының авторы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының бірінші кезеңіндегі «Барыс» - «Автомобилист» кездесуіне 7507 көрермен келді.
ArenaBreda Telegram арнасының хабарлауынша, бұл 2022 жылдың жазындағы ҚХЛ маусым алдындағы ойындарына келушілердің рекордтық көрсеткіші.
Еске салайық, 17 тамызда «Барыс» командасы екінші турда «Нефтехимикпен» ойнайды.
Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или