Қазақстандық клубтың бұрынғы қақпашысы мансабын аяқтады
Беларусь құрамасының және Минск «Динамосының» бұрынғы қақпашысы Дмитрий Милчаков 36 жасында зейнеткерлікке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрынғы хоккейші Швеция чемпионатының төртінші дивизионындағы Hanals Kings клубында жаттықтырушы болып жұмыс істейтін болады.
Милчаков еңбек жолын швед MODO жүйесінде бастады. Содан кейін беларусь Минск «Динамосы», Минск, Витебск, Гомель, «Металлург Жлобин», «Юность», Чехияның Пльзень, Қазақстанның «Арланы» және ресейлік АКМ командаларында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или