Резниковтың миллион долларлық турнирдегі ықтимал қарсыласы анықталды

Резниковтың миллион долларлық турнирдегі ықтимал қарсыласы анықталды

Аралас жекпе-жектен ресейлік сарапшы Игорь Лазорин телеграм-арнасында қазақстандық файтер Артем Резниковтың ACA промоушені Гран-приіндегі ықтимал қарсыласы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АСА лигасы Али Багов пен Рашид Магомедов арасында жекпе-жекті қайта ұйымдастырғысы келеді. Осы жекпе-жекте Артем Резниковтың қарсыласы анықталуы мүмкін», - деп жазды ол.

Али Багов пен Рашид Магомедов арасындағы алдыңғы жекпе-жекті файтерлердің пассивті жұмысына байланысты промоушен президенті Маиырбек Хасиев тоқтатып тастаған.

Айта кетейік, Гран-придің жалпы жүлде қоры бір миллион долларға жетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или