ҚР Ұлттық баскетбол Федерациясының жаңа басшыны тағайындалды
Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚР ҰОК, өңірлік федерациялардың өкілдері және ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.
Конференция барысында барлық қатысушылардың бірауыздан шешімімен ҚР ҰФБ жаңа басшысы Абай Абдисаметұлы Алпамысов болды. Бұрын, 2013 жылдан 2017 жылға дейін ол осы федерацияның президенті қызметін атқарды.
Өз сөзінде ұйым басшысы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.
«Қыркүйек айының соңына қарай біз кешенді бағдарлама әзірлейміз, онда өңірлік, 3х3 командалардың, құрама проблемаларын шешу жолдары, клубтарды қолдау қамтылады. Бұл жолдан жалғыз өту мүмкін емес, сондықтан сіздердің қолдауларыңызға сенемін», - деді Абай Алпамысов.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының президенті қызметін Димаш Досанов атқарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или