QHL басқарушы директоры «Теміртау» клубының ел чемпионатына не үшін қатыспайтынын түсіндірді
QHL басқарушы директоры Андрей Сачук «Теміртау» хоккей клубының ел чемпионатына не үшін қатыспайтынын түсіндірді.
- Федерация Әкімдікпен және Қарағанды облысының Спорт басқармасымен бірге соңғы сәтке дейін мәселені шешудің жолын іздеумен болды. Жабдық, тамақтану, жол жүрулер және т.б. бағасының өсуіне байланысты кәсіби хоккей клубтарын қаржыландыру үшін қарастырылған максималды бюджеттің өзі «Сарыарқа» жүйесінде үш бірдей команда: «Қыран» жастар командасын, «Теміртау» мен «Сарыарқаны» қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Алдағы маусым бойы біз металлургтар қаласына хоккейді қайтарып, жанкүйерлерді сүйікті ойындарынан айырмау үшін бар күшімізді саламыз. Біз түйткілді шешудің түрлі жолын қарастырып жатырмыз. Теміртауда өз алдына бюджеті бар жеке клуб құру үшін әлеуетті демеушілер мен серіктестерді іздестірудеміз.