Көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия кубогында Тайпейді жеңді
Бангкок қаласында (Таиланд) жабық кешендегі хоккейден Азия кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Келесі кездесуде Қазақстан әйелдер құрамасы Тайпей командасымен ойнады.
Кездесу 6:0 есебімен қазақстандық спортшылардың пайдасына аяқталды.
Кездесудің үздік ойыншысы болып ұлттық құраманың хоккейшісі Алина Биссирова танылды.
Еске салайық, соңғы ойында Қазақстан Иран құрамасын 5:2 есебімен ұтқан болатын.
Қазақстандық ойыншылар келесі ойынын 12 тамыз күні Индонезия құрамасына қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или