Үш дүркін әлем чемпионының кәсіпқой ММА-дағы алғашқы қарсыласы анықталды

Үш дүркін әлем чемпионының кәсіпқой ММА-дағы алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш кәсіпқой ММА-дағы алғашқы жекпе-жегінде кіммен кездесетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұбаныш Naiza 42 турнирінде кәсіпқой ММА-да дебют жасайды. Қарсыласы - қырғызстандық Орозмамат Султанбек (2-5). Жекпе-жек кеші 25 тамызда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, Бағдат әуесқой ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы. Биыл Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде Жұбаныш үшінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ол әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или