«Ол Қазақстанда дүниеге келген». UFC файтерінің менеджері спортшының Қырғызстанның намысын неге қорғамайтынын түсіндірді
UFC файтері Рафаэль Физиевтің менеджері Саят Әбдірахманов спортшының Қырғызстан атынан шығуын неліктен тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің ойымша, бұл ұлттық және діни сәт. Ол қырғыз емес. Қырғызстанда да ұлттық мәселе бар шығар. Ол шиизмді уағыздайды, елдің басым бөлігі сүннит. Осыған байланысты оған әлеуметтік желілерде шабуыл жасалды. Эмоциямен ол Қырғызстан атынан шықпайтынын айтты. Бірақ ол Қырғызстан азаматы болып қала береді. Дініне, ұлтына бөліп емес, споршының стиліне, өзіңе қарап жанкүйер болу керек. Оның қайдан екені маңызды емес. Ол негізінен Қазақстанда туған», – дейді Саят Әбдірахманов.
Соңғы жекпе-жекте Физиев Әзірбайжан туы астында жұдырықтасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или