Рахмонов UFC рейтингісінде үздік ондықтан шығып қалды
UFC Vegas 59 турнирі аясында өткен америкалық Джефф Нил мен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жектен кейін жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нил үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, рейтингте бірден бес саты жоғарылады, ол 13-орыннан 8-сатыға көтерілді. Ал Луке Стивен Томпсон (+1) мен Шон Брэдиден (+2) қалып, 6-орыннан 9-қатарға сырғыды.
Джефф Нилдің жартылай орта салмақтағы рейтингте алғашқы ондыққа енуіне орай қазақстандық Шавкат Рахмонов сәл төмендеді. Ол үздік ондықтан шығып, 11-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, Рахмонов 26 маусымда америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін бір айдан аса уақыт үздік ондыққа тұрды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или