Олег Балашов: Өз-өзіңе сеніп, қарқынды жұмыс істеу керек

Олег Балашов: Өз-өзіңе сеніп, қарқынды жұмыс істеу керек

5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Олег Балашов еліміздің бас командасына қалай келгенін айтып, сұхбат берді. Ол көптеген қатарластары секілді баскетболға қызығып, үлкен спорттан өз еншісін алуды армандаған. Осы арман жетегімен алтыншы сыныпта баскетбол үйірмесіне жазылған Олег бүгінде ұлттық құрама жейдесімен өнер көрсетіп жүр. 

- Олег, алдымен баскетболға қалай қадам басқаныңыз туралы айтып өтсеңіз ...
- Атырау қаласының тумасымын, 7 мамырда 23 жасқа аяқ бастдым. Көпшілігі менен «Ресейден келдің бе?», деп сұрайды. Әрине, жоқ. Өмірімнің көп бөлігі қазақтілді ортада өткендіктен, қазақша жақсы сөйлеймін. Ал 6-сыныпта баскетболға қызығушылық пайда болды да, кейін баскетбол үйірмесіне жазылдым. Мектептегі жаттықтырушым өте жақсы маман еді. Сол жылы жаттықтырушымыз 6-9-сынып оқушыларынан команда жасақтады. Содан кейін біз толыққанды жаттыға бастадық. Өсе келе Атыраудағы мектепаралық баскетбол жарыстарында өнер көрсеттім.

Олег Балашов - баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
- Сізді Қазақстан құрамасына шақырған кезді еске түсірейік... Бас командадан ұсыныс түскенде қандай сезімде болдыңыз?
- 2020/2021 жылғы маусымынан кейін мені ұлттық құрамаға шақырды. Ол кезде мен "Барсы-Атырау" клубының намысын қорғайтын едім.  Өте жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Қазақстан кубогында үздік ойыншылардың символикалық бестігіне ендім. Ұлттық құрамаға шақырып, қоңырау шалғанда қуанғаным рас. Өйткені, бұл мен үшін күтпеген жағдай еді.  Маған құраманың менеджері хабарласып, жағымды жаңалықты бөлісті.

- Сырт алаңда өткен алғашқы матчыңыз туралы не айтасыз? Алғаш рет қай елде өнер көрсеттіңіз?
- 18 және 20 жасқа дейінгі құрама қатарынд Грузияға қарсы өткізген кездесу ерекше есте қалыпты. Мен үшін ең қызықты ойын еді. Анық білмеймін, бірақ матч 3 овертаймға жалғасқанымен есте қалды. Қарсыластардан физикалық және атлетикалық тұрғыдан әлдеқайда әлсіз болсақ та, жеңіске жеттік. Менің ойымша, біз өз табандылығымыздын арқасында жеңіске қол жеткіздік.

Олег Балашов - баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Қазір Олег баскетболдан 5х5 Қазақстан ұлттық құрамасында #99 номерімен өнер көрсетеді. Ол Қытай және Жапонияға қарсы өтетін матчқа дайындалып, жаттығу жиындарына қатысуда. Баскетболшы жанкүйерлерге көбірек жұмыс істеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектестік білдірді. 

"Өскелең ұрпаққа өз бетімен жұмыс істеуді, дене күшін, атлетизмді дамытуды, кез келген қиындыққа менталды дайын болуды және өз мақсаттарына қол жеткізуден ешқашан бас тартпауды тілеймін!"

Түпнұсқасы: nbf.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0