«Қарсылас мықты, бірақ Конференция лигасының топтық кезеңіне өткіміз келеді». Гиорги Иваниадзе АПОЭЛ-ге қарсы матч жайлы пікірін айтты

«Қарсылас мықты, бірақ Конференция лигасының топтық кезеңіне өткіміз келеді». Гиорги Иваниадзе АПОЭЛ-ге қарсы матч жайлы пікірін айтты

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Осиек» қақпасына гол соққан «Қызыл-Жар» ойыншысы Гиорги Иваниадзе Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, Лигадағы алғашқы голы, АПОЭЛ-ге қарсы ойынға дайындық және клубтың осы маусымға қойған мақсаты туралы айтты.

- Гиорги, «Ақжайыққа» қарсы ойынды трибунадан тамашаладыңыз, сонда да матч туралы пікір білдірсеңіз.

- Жігіттер жақсы ойнап, ойын тізгінін қолдарында ұстады, қарсыласқа қарағанда барлық жағынан жақсы көрінді. Гол жіберіп алғаннан кейін олар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Жеңілмеуіміз керек еді, бірақ бірінші гол нәтижеге әсер етіп кетті.

Гол жіберіп алғаннан кейін біз команда болып шабуылға шықтық, сондай сәтте қарымта шабуылда екінші голды өткізіп алдық. Өкінішке орай, жеңіліп қалдық, бірақ менің ойымша, бұл біздің кестемізге байланысты, өйткені біз Конференция лигасына байланысты көп сапар шегіп жүрміз.

- «Қызыл-Жар» сапындағы Еурокубоктағы алғашқы голыңызбен құттықтаймыз. Сол сәттегі эмоцияңыз жайлы айтсаңыз.

- Бұл менің өмірімдегі ең үздік дебюттік гол деп ойлаймын. Өйткені Конференция лигасында «Қызыл-Жардың» Еурододадағы тарихи голын соқтым, қатты қуандым әрі команданың алға қойған мақсатына жетуге жалғасты көмектесуге мотивация берді. Гол соққан сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

- Еурокубокта тәжірибесі мол АПОЭЛ-мен кездесесіздер. Сырт алаңдағы ойынға дайындық қалай жүріп жатыр?

– Иә, қарсыласымыз өте тәжірибелі, тарихы үлкен клуб. Бұл ойын да «Осиекке» қарсы матч секілді қиын болады деп ойлаймын, бірақ егер тағы да командалық ойын көрсетсек, онда оларды жеңе алатынымызға сенімдімін. Барлығы өз қолымызда. Жігіттер Қазақстанға жеңіспен оралуға дайындалып жатыр.

- Кипрдегі ойынға қандай болжам айтасыз?

- Біз соңына дейін күресеміз, мен ойын минималды есеппен біздің пайдамызға аяқталады деп ойлаймын, мүмкін 2:0 есебімен жеңерміз.

- «Қызыл-Жар» кубоктан шығып қалды, команда алдында басқа қандай міндет тұр?

– Ең алдымен, әрине, Конференция лигасы, мұнда біз мүмкіндігінше жақсы өнер көрсетіп, топтық кезеңге шығуды мақсат етіп отырмыз. Ал екінші тапсырма чемпионаттың турнирлік кестесінде барынша жоғары көтеріліп, Еурокубокқа қатысу мүмкіндігіне ие болуды жоспарлап отырмыз.

- Қазақстанға қалай келдіңіз, «Қызыл-Жардан» бөлек басқа елдерден ұсыныстар болды ма?

– «Дилада» ойнап жүргенімде «Қызыл-Жардан» ұсыныс түскенін білдім. Клуб пен ел туралы ақпарат іздей бастағанымда, досым Элгуджа осында ойнайтынын білдім, бұл мен үшін плюс болды. Трансфер өте жылдам жүрді: 5 күн қалғанда маған бәрі келісілгенін хабарлады және мен Қазақстанға ұштым.

Басқа ұсыныс болса, болған шығар, бірақ қазір мұны айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір мен «Қызыл-Жар» ойыншысымен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или