UFC чемпионы киноға түсті
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман танымал «Black Panther» фильмінің жалғасында рөл сомдайды, деп жазады Prosports.kz.
Камару биыл 11 қарашада тұсаукесері өтеді деп жоспарланған «<span>Black Panther: Wakanda Forever</span>» фильміне түседі.
Бұл туралы MMAJunkie басылымы файтердің менеджері Али Абдель-Азизге сілтеме жасап хабарлайды.
Усманның нақты кім болып ойнайтыны қазірше белгісіз. «Black Panther» 2018 жылы шыққан, әлем бойынша 1 346 913 161 доллар табыс тапты.
Айта кетейік, Усман қазір Ұлыбритания өкілі Леон Эдвардспен жекпе-жекке дайындалып жатыр. Жекпе-жек 21 тамызда АҚШ-та өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или