Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнирде жеңіліп көрмеген екі файтер өнер көрсетеді

Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнирде жеңіліп көрмеген екі файтер өнер көрсетеді

29 шілдеде Алматыда OCTAGON лигасы ұйымдастырған аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтер Бекдәулет Әмірбек (3-0) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық файтер Бахрам Каримпор (2:0) болады.

Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова O33 турнирінде ресейлік Карина Ондасыноваға (2:0) қарсы ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде Нұрбек Тәжібаев (5-1) пен Мажит Сардаров (4-0) жеңіл салмақтағы ұйымның бос чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или