Мария Агапова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Мария Агапова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC файтері Мария Агапова келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында былай деп жазды:

«Бүгіннен бастап жаттығуға және бизнеске қайта ораламын. Маған құрбым серіктес болып, күресуді үйренуді шешті. Қыркүйек айының соңындағы жекпе-жекке дайындаламын. Жақын арада күні мен қарсылас белгілі болады. Шынымды айтсам, жарақаттан кейін жаттығу өте қиын. Мен күресуді қайтадан үйреніп жатырмын. Бірақ мен бұл ойынға тәуелдімін. Сондықтан мен мүмкіндігінше тезірек ораламын».

Еске салайық, 31 шілдеде қазақстандық файтер Далласта (Техас, АҚШ) UFC 277 турнирінде оңтүстіккореялық Джи Йонг Кимге қарсы шығуы керек еді, бірақ жарақатына байланысты жарыстан шығып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или