Абдрахманов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық ауыр атлет Никита Абдрахманов Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты wf rk-ге сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасында 102 келіге дейінгі салмақта Никита Абдрахманов 354 келіні (158+196) көтеріп, жеңімпаз атанды.
Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Никитаның нәтижесі екінші орында тұр.