Қазақстан 5000 метрге жүгіруден әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстан 5000 метрге жүгіруден әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Орегон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 5000 метрге жүгіруден жүлде ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінде Кипкируи маусымдағы ең жақсы жеке нәтижемен (14:52,54) екінші орын алды. Финалда Кэролайн дәл осындай уақытты (14:54,80) белгілеп, мәреге жетінші жетті.

Эфиопиялық спортшы Гудаф Цегай жеңіске жетті(14:46,29), екінші орынды кениялық спортшы Беатрис Чебет (14:46,75), қола жүлдені Эфиопияның тағы бір өкілі Давит Сеяум (14:47,71) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0