NHL: 2022/2023 жылғы маусымының басталатын күні жарияланды
Ұлттық хоккей лигасы 2022/2023 жылғы тұрақты маусымның күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тұрақты маусым 7 және 8 қазанда <span>«Нэшвилл Предаторз» бен «Сан-Хосе Шаркс»</span> арасындағы NHL әлемдік сериясымен басталады.
Солтүстік Америкада бірінші кездесу 11 қазанда өтеді <span>– «Нью-Йорк Рейнджерс» «Тампа-Бэй Лайтнингті»</span> қабылдайды. Ал келесі күні 2022 жылғы Стэнли Кубогының жеңімпазы <span>«Колорадо Эвеланш» «Чикаго Блэкхоукспен» кездеседі.</span>
2023 жылғы NHL «Қысқы классикасы» 2 қаңтарда Бостонда өтеді. «Бостон Брюинз» бен «Питтсбург Пингвинз» кездеседі. Кезекті маусым 13 сәуірде аяқталады. Ол күні 15 кездесу өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или