Қазақстандық файтердің UFC-дегі дебюті неге кейінге қалды

Қазақстандық файтердің UFC-дегі дебюті неге кейінге қалды

UFC-дегі қазақстандық файтерлердің менеджері Саят Әбдірахманов «Спорт Шредингер» арнасына берген сұхбатында тағы бір қазақстандық Азат Мақсұмның UFC-дегі дебюті туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, файтердің әлемдегі ең үздік лигадағы дебюті жарақатына байланысты кейінге қалды.

«Азат Мақсұм UFC-де дебют жасауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке орай, Азат кейінгі жекпе-жегінде қолын сындырып алды, жарақаттың қалпына келуі ойдағыдай емес. Негізі біздің міндет Лондон, Париж, Абу-Дабиде өтетін келесі халықаралық турнирлерге қатысу болатын, бірақ жоспар өзгерді, қазір файтердің толық қалпына келгені маңызды», - деді Әбдірахманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или