«Сарыарқаның» хоккейшілері үздік атанды

Геленджикте 2014/2015 жылғы маусымдағы Жоғары хоккей лигасының түрлі номинация бойынша үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды «РRОСПОРТ».

Бес номинацияның екеуінде қарағандылық «Сарыарқаның» ойыншылары жеңіп алды. Үздік қорғаушы атағын Александр Угольников алды. Ол жалпы чемпионат барысында 65 матч өткізіп, 7 гол соққан және 23 нәтижелі пас берген. Маусым аяқталғасын Угольников ҚХЛ-дағы «Югра» клубынан шақырту алды.

ЖХЛ-ның үздік шабуылшысы болып Олен Ломако танылды. Ол соңғы маусымда «Сарыарқа» сапында 48 матч өткізген. Плэй-офф ойындарын есептегенде 46 ұпай (27+19) жинапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или