Командалық

Қазақстандық синхронды жүзгіштер әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 8-ші орын алды

Қазақстандық синхронды жүзгіштер  әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 8-ші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Будапештте өтіп жатқан су спортынан әлем чемпионатында синхронды жүзуден ерекше тәртіп бойынша командалық жарыстың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл пән бойынша 95,0333 ұпай жинаған украиналық синхронды жүзгіштер әлем чемпионы атанды. Күміс медальдар Италия құрамасына (92,2667 ұпай), қола – Испания құрамасына (91,9333 ұпай) бұйырды.

Құрамында Карина Абдулина, Наргиза Болатова, Этери Какутия, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Арина Пушкина, Юлия Рогалева, Валерия Столбунова және Ясмин Тұяқова бар Қазақстан құрамасы 83,767 ұпаймен қорытынды сегізінші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер