Исмагулов UFC-дегі бесінші жеңісі туралы пікір білдірді
Жеңіл салмақтағы ресейлік UFC файтері (этникалық қазақ) Дамир Исмагулов UFC on ESPN 37 турнирінде Гурам Кутателадзені жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
- Эмоция басылды, сондықтан бір ауыз сөз айтқым келеді. Қиын жаттығудан өтіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жеттік! Мен осы жолда қасымда болған барлық адамға алғыс білдіргім келеді, олар бұл туралы біледі деп ойлаймын және біз кездескен кезде жеке айтамын, дайындықтың бірінші кезеңін өткізген @tigermuaythai, менеджерлерім @sayatus@dannyrube-ге рақмет, сонымен қатар @americantopteam және менімен бірге жұмыс істеген барлық жаттықтырушыға көп рақмет! Мен үшін уайымдаған жандардың бәріне Рақмет! Жақында октагонға ораламыз. Бұл сапар қызыққа толы болды, бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар, енді үйге қайтып, отбасымен бірге болатын уақыт келді, - деп жазды спортшы инстаграм парақшасында.
Айта кетейік, Исмагулов аталған жекпе-жектің төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіске жетті.