Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы мәлімдеме жасады

Жұмағұлов UFC-дегі болашағы туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов «Вестник ММА»арнасынаберген сұхбатында ол әлі де UFC ұйымының қатарында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Келісімшарт бойынша тағы екі жекпе-жек бар. Жақында USADA-ға барып тексерілдім, бәрі дұрыс. Негізінде, бәрі жақсы, әлі қатардан шығара қойған жоқ. Мен әлі UFC файтерімін, - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC-дің 207 турнирінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Джефф Молинадан ұтылды. Төрешілер қарсыласты жеңімпаз деп танып, жекпе-жектің шешімі үлкен дау тудырды.

Айта кетейік, бүгінге дейін Жалғас UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде ұтылып, бір айқаста ғана қарсыластан басым түсті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или