«ММА-дегі шаруамды бітіргеннен кейін қайтадан ойнаймын». Дамир Исмағұлов футболға деген құштарлығы туралы айтты
UFC-де өнер көрсететін ресейлік ММА файтері Дамир Исмағұлов (23-1) «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында футболға деген құштарлығы туралы айтып, қазіргі заманның екі мықты ойыншысы - португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Мессиді салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Сіз спортты футболдан бастап, шындап айналысқаныңызды айтқансыз. Қазір қарап жүрсізбе?
— Қазір сирек көремін. Бұрын да сирек көретінмін, ойнағанды көбірек ұнататынмын. Негізінен әлем немесе Еуропа чемпионаттарын қараймын. Жаттығып жүргенде ЦСКА-ға жанкүйер болғаным есімде, маған Вагнер Лав, Жо ұнайтын, содан кейін көруді қойып кеттім. Кейде орынборлық командаға жанкүйер боламын, олар қазір жоғарғы лигаға шықты. Кейде «Зениттің» матчтарын көремін.
ММА-дегі шаруамды бітіргеннен кейін қайтадан ойнаймын. Бұрындары былай болатын: жекпе-жек өткізгеннен кейін біраз уақыт жаттығу залына бармай, тек футбол ойнайтынмын. Бірақ қазір мен футболды жарақаты көп спорт түрлерінің бірі деп шештім. Мен алған жарақаттардың барлығы футболда болды.
— Сіз Месси мен Роналду арасында кімді таңдайсыз?
— Менің ойымша, Месси - дарын, ал Роналду — нағыз кәсіпқой. Менің ойымша, Роналду жақсырақ болу үшін көп жұмыс істейді. Сондықтан мен Роналдуды ең үздік деп санаймын.
Алдағы демалыс күндері Исмағұлов Гурам Кутателадземен <span>UFC on ESPN 37 турнирінде ж</span>екпе-жек өткізеді.