«Шыңдарға жеткен әрбір қазақ үшін қуаныштымын»

«Шыңдарға жеткен әрбір қазақ үшін қуаныштымын»

10 маусымда Алматыда өткен OCTAGON турнирінде қазақстандық танымал телехикая мен кино актері Еркебұлан Тоқтар (4-1) бірінші раундтың 56-секундында әзербайжандық Арзу Каримовті (2-1) нокаутқа түсірген еді.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында отандық файтер Әзербайжан спортшысына қарсы жекпе-жек, UFC деңгейіне жету ниеті және кештің ең жылдам нокауты үшін берілетін бонустың мөлшерін атады.

– Еркебұлан, Каримовті жеңгеніңіз өте әсерлі стильде болды. Бұл сіздің жекпе-жек тактикаңыз ба?

– Төбелесті күттім, соған дайын болдым. Ол шабуылын лоу-киктан немесе хай-киктан бастайтынын білдім. Сондықтан оған тезірек соққы жасауға тырыстым, өйткені ол бір соққымен мені құлата алатынын білдім.

– Әзербайжандық қарсыласыңызбен жекпе-жек алдында қандай да бір келісімдер болды ма?

- Ешқандай келісім болған жоқ. Бұл сұрақты жабуға болады, өйткені мен бір рет күйіп қалдым. Мен барлық файтер нағыз ер емес екенін және олардың айтқан сөзі түкке тұрғысыз болатынын түсіндім. Бұдан былай ешкіммен, ешнәрсе туралы келіспеймін.

- Бірінші болып соққыны жіберіп алуым мүмкін деп уайымдадыңызба?

– Әрине, уайымдадым. Әсіресе оның сол аяғынан қорықтым. Егер ол менің басымнан соққы жасаса, нокауттан бөлек жарақат алуы мүмкін еді. Екі күннен кейін түсірілім басталатын болғандықтан, құлап қалмай, мүмкіндігінше бетімді қорғауға тырыстым. Аллаға шүкір, бәрі ойдағыдай болды.

– Сіздің бірінші соққыңыз апперкот болды, оны жаттығуларда дайындаған боларсыз. Дайындық кезінде бұл соққыны кім үйретті?

- Біз бұл соққыны бокстан бапкерім Әлішер Ертаймен үнемі жаттықтырдық, комбинацияларымда үнемі апперкат қолдандым. Мен бұл соққы дөп тигенін сезіндім.

– Сіз турнирдегі ең жылдам нокаут бонусын жеңіп алдыңыз. Ұйымдастырушылардан қандай гонорар алдыңыз?

– Иә, жекпе-жек тез бітеріне сенбесем де, жеңдім. Жекпе-жек кезінде 600 долларлық бонусты мүлдем ұмытып кетіппін, бұл туралы кейінірек айтқан кезде ғана есіме түсті.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай? Келесі жекпе-жегіңізде октагонды кіммен бөліскіңіз келеді?

– Алдағы жоспарларым – фильмдер мен телехикаяларға түсуді жалғастыру, актерлік карьерамды жетілдіру. Үш-төрт айдан кейін жұдырықтасуға болады. Енді спортта үзіліс алып, өзімді шығармашылыққа арнағым келеді.

- OCTAGON 31 кешінің басты жекпе-жегінде Азат Мақсұм өнер көрсетті, ол карьерасындағы келесі жекпе-жегін UFC-де өткізуі мүмкін. Әлемдегі ең мықты ММА лигасындағы «Қазақтың» болашағы туралы не айтасыз?

– Мен Азат үшін және оның UFC-мен келісімшартқа отырғанына өте қуаныштымын. Америкалық промоушенде жеңістерге жетіп, чемпион болады деп сенемін. Спортта да, кинода да, басқа жерде де шыңға шыққан әрбір қазақ үшін қуаныштымын, өйткені мен өзіміздің адамдарды әрқашан қолдаймын.

- Өзіңіз UFC деңгейіне көтерілгіңіз келе ме?

– Әрине, келеді. Бұл деңгейге жету бөлек нәрсе, бірақ ол жерде ұятқа қалмай, орнығу маңызды. Ол үшін жаттығуға көп уақыт бөліп, өзіңізді спортқа толығымен арнауыңыз керек, бірақ әлі күнге дейін мұны істей алмадым. Мен ақша табу үшін барлығына үлгеруге тырысамын. Демеушім болса, спорттан басқа ешнәрсемен айналыспас едім, сондықтан амалын табуым керек болады.

Фото:<span> </span>OCTAGON

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или