«Жетістікке жеткен әр қазақ үшін қуанамын»

«Жетістікке жеткен әр қазақ үшін қуанамын»

10 маусымда Алматыда өткен OCTAGON турнирінде белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (4-1) бірінші раундтың 56-секундында әзербайжандық Арзу Каримовты (2-1) нокаутқа түсірді.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында ол Әзербайжан спортшысымен болған қиын кездесудің жай-жапсарын айтып, UFC деңгейіне жетуді қалайтынын жеткізді және кеш аясындағы ең жылдам нокаут үшін қанша бонус алғанын айтты.

– Еркебұлан, Каримовты керемет мәнерде жеңдің, жекпе-жекке құрған тактикаңыз осындай болды ма?

– Мен ағашқы шабуылға дайын болдым. Оның бірінші соққыны сол жақтан төмен немесе жоғары соққымен бастайтынын білдім, өйткені бір соққы жекпе-жек тағдырын шешіп кетуі мүмкін екенін қарсыласым да білді.

– Әзербайжандық қарсыласыңызбен жекпе-жек алдында қандай да бір келісім болды ма?

– Ешқандай келісім болған жоқ. Бұл сұрақты жабуға болады, өйткені мен бір рет мұндайдан опық жегем. Файтерлердің бәрі нағыз ер емес екенін, кейбірінің айтқан сөзі түкке тұрғысыз болатынын түсіндім. Бұдан былай ешкіммен, ешнәрсе туралы келіспеймін.

– Оң жақ апперкат соққымен жеңіске жетті, оны жаттығу кезінде осындай соққыға дайындалғаның сөзсіз. Бұл соққыны сізге кім қойып берді?

– Бокстан дайындайтын бапкерім Әлішер Ертаймен осындай соққы жасап дайындалдық, комбинацияларымда үнемі апперкат қолданамын. 

– Сіз турнирдегі ең жылдам нокаут үшін бонусқа ие болдыңыз. Ұйымдастырушылардан қандай гонорар алдыңыз?

– Иә, мен жылдам жеңіске жеттім. Жекпе-жек кезінде 600 доллар бонус туралы мүлдем ұмытып кетіппін, бұл туралы кейінірек айтқан кезде ғана есіме түсті.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай? Келесі жекпе-жегіңізде кіммен кездескіңіз келеді?

– Алдағы жоспарларым – фильмдер мен телешоуларға түсуді жалғастырып, актерлік мансабымды жетілдіре түсемін. Үш-төрт айдан кейін жекпе-жек өткізуге болады. Енді спорттан үзіліс алып, өзімді шығармашылыққа арнағым келеді.

– OCTAGON 31 турнирінің басты жекпе-жегінде Азат Мақсұм өнер көрсетті, ол мансабын UFC-де жалғастыруы әбден мүмкін. Әлемдегі ең мықты ММА лигасындағы «Қазақтың» болашағы туралы не айтасыз?

– Мен Азаттың UFC-мен келісімшартқа отырғанына өте қуаныштымын. Америкалық промоушенде жеңіске жетіп, чемпион болады деп сенемін. Спортта да, кинода да, басқа жерде де шыңға шыққан әрбір қазақ үшін қуаныштымын.

– Өзіңіз UFC деңгейіне жеткіңіз келе ме?

– Әрине. Бірақ ол үшін жаттығуға көп уақыт бөліп, өзіңді спортқа толығымен арнауың керек, бірақ қазірше бұл қолымнан келген жоқ. Мен ақша табу үшін бәрін жасауға тырысамын. Спонсорым болса, спорттан басқа ешнәрсемен айналыспас едім.

Фото:<span> </span>OCTAGON

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или