Олжас Абзалиев: Маған күмәнмен қарағандар үлкен мотивация берді

Олжас Абзалиев: Маған күмәнмен қарағандар үлкен мотивация берді

Алматыдағы «Алматы Арена» кешенінде аралас жекпе-жектен Naiza лигасының мерейтойлық 40 халықаралық турнирі өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде қос бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Жартылай ауыр салмақтың саңлақтары Нұрғали Нұрғайыпұлы мен Олжас Абзалиев арасындағы жекпе-жек тартысқа толы өтті.

Бес раундқа созылған кездесуде Олжастың мерейі үстем болып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша ол әлемдегі ең үздік тұжырымның бірі саналатын Naiza лигасының чемпионы атанып, спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтып, кездесуге қойған тактикан толық орындап шыққанын мәлімдеді.

Ең әуелі, қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бірақ менің жеңіске жететініме күмәнмен қарағандар, мені аутсайдер санағандар көп болды. Бұл жайт маған үлкен мотивация беріп, екі есе еңбектенуіме итермеледі. Командамыз бен бапкерлеріміздің алға қойған мақсаты орындалды деп ойлаймын. Дегенмен алар асуларымыз әлі алда. Алла қаласа, үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің даңқын асқақтатамыз, – деді жартылай ауыр салмақтың су жаңа чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или