Шавкат Рахмоновтың қарындасы Naiza турнирінде үшінші жеңісін еншіледі

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Naiza турнирінде үшінші жеңісін еншіледі
Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова (3-1-0) аралас жекпе-жек бойынша кәсіби карьерасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтер Түркия өкілі Илькнур Куртты жер жастандырды. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Сора Рахмонова техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сара Рахмонова кезекті жекпе-жекті сәтті аяқтап, өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарды. Ендігі кезек - оның ағасында. Шавкат Рахмонов 25 маусымда UFC-де америкалық Нил Мэггиге қарсы жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или