Қазақ файтер UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін 50 000 доллар сыйақы алады

Қазақ файтер UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін 50 000 доллар сыйақы алады

UFC 12 маусым таңертең Сингапурде өткен UFC 275 турнирінің қорытындысы бойынша 50 000 доллар көлемінде сыйақы алатын спортшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған сыйақыға ие болған бес файтердің қатарында UFC-дегі дебютінде америкалық Стив Гарсияны бірінші раундта нокаутпен жеңген қытайлық қазақ Мақсат Қайсар да бар.

Мақсат Қайсардан бөлек, нокаутпен жеңіске жеткен Сильвана Хуарес, Джек Делла Маддалена, Джейк Мэттьюс және Чжан Вэйли сыйақы алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или