Айбек Нұрсейіт: Бір орында тоқтап қалмаймыз

Айбек Нұрсейіт: Бір орында тоқтап қалмаймыз

Алматыдағы NFC 40 турнирінде қырғыз спортшысы Тоқтарбай Жусуп уулун жеңген қазақстандық файтер Айбек Нұрсейіт қырғыз жекпе-жек соң Prosports.kz тілшісіне әсерін айтты.

– Қарсыласым мықты греплер. Оны жақсы зерттедік. Жекпе-жекте «стойкада» жұдырықтасуға тура келді. Басында күресе ме екен деп күттім, бірақ тұрып төбелескенді жөн көріпті.

– Қарсыласыңызды жойқын соққымен күтіп алдыңыз. Бұл алдын ала дайындалған әдіс болды ма?

– Дайындық кезінде бапкерім қарсыласты күтіп алу бойынша жаттығулар жасатты. Жекпе-жекте қарсыласым шабуылдап келді, ал мен оңақаймен күтіп алдым. Соққым қатты тиген болу керек.

– Ендігі жоспарың қандай?

– Бір орында тоқтап қалмаймыз. Алға қарай жылжимыз. Ақырындап мақсатымызға келе жатырмыз. Матчмейкерлер қызық жекпе-жектер ұсынса қарастырамыз. Бастысы сыйақысы көңілден шықса болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или